jasqazaq.kz

ІІМ: Заңсыз айналымдағы 37 тоннадан астам есірткі тәркіленді

21 қараша 2023, 12:42

Ішкі істер министрлігі Есірткіге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов жыл басынан бері анықталған есірткі қылмыстары жайында мәлім етті.

«Қазір 4 айдан астам уақыт бойы нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары белсенді жүзеге асырылып жатыр. Кешенді жоспардың негізгі бағыттарын іске асыру мақсатында осы жылдың өткен кезеңінде атқарылған жұмыстың нәтижелеріне тоқталсақ, 2775 есірткі қылмысы, 1568 есірткіні өткізу фактісі және аса ірі мөлшерде есірткі сақтаудың 415 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 37 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 73 келі героин мен 191,5 келі апиын, сондай-ақ 5 тонна кептірілген марихуана мен 503 к елі гашиш тәркіленді. Анықталған синтетикалық есірткінің көлемі 890 келіге жетті, сондай-ақ 69 жасырын зертхана жойылды», — деді Б. Әмірханов ІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның айтуынша, есірткі контрабандасының 300 фактісі анықталды.

«Сонымен қатар, 6 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Олардың 6 басшысы мен 54 мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Оларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастырғаны және оған қатысқаны үшін 14 қылмыстық іс қозғалды. Жалпы, қылмыстық жолмен алынған сомасы 114 млн теңгеден асатын ақшалай қаражатты заңдастырудың 3 фактісі анықталды. Топ мүшелерінен 100 келіден астам есірткі, 84 тоннадан астам прекурсор және 24 тонна «апиын көкнәрі» тәркіленді», — деді ведомство өкілі.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде