jasqazaq.kz

ІІМ: Заманауи технологияны пайдалану мен полиция жұмысын цифрландыру қалай жүзеге асып жатыр?

29 тамыз 2023, 9:24

Премьер-Министр Әлихан Смайылов ішкі істер министрлігінде болып, қылмыстың алдын алу мен оларды ашуда заманауи технологияларды қолдану, жалпы полиция жұмысын цифрландыру барысымен, сондай-ақ жаңа оқу жылы қарсаңында мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларымен танысты.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың баяндауынша, ішкі істер министрлігі еліміздегі  қалалардың көшелері мен қоғамдық орындарында «толық қамту» принципімен бейнебақылаулар енгізуде.


Жыл басынан бері полицияның жедел басқару орталықтарындағы (ЖБО) бейнекамералар арқылы 6 мың қылмыс ашылды, 2,7 млн жол ережесін бұзу, сондай-ақ 312 мың басқа да әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Соның нәтижесінде, биыл еліміздегі қылмыс көрсеткіші 17%-ға төмендеген.
«Цифрландыру арқылы тиісті мемлекеттік қызметтер жұмысының тиімділігін арттыруға болатынына талай рет көзіміз жетті. Нәтижесінде, еңбек өнімділігі артып, жемқорлық фактілері азаюда. Цифрлық технологияларды енгізу арқылы ішкі істер министрлігі де жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. Енді мұны аймақтарда одан әрі кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажет», — деді Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ Үкімет басшысы мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарымен танысты.


Атап айтқанда, оқу орындарында орнатылған бейнекамералардағы жазбалар мен дабыл түймешелерінің сигналдарын жедел басқару орталықтарына және  полицияның кезекші бөлімшелеріне шығару барысы көрсетілді.


Бүгінде мұндай шаралармен 3 654 мектеп қамтылған, бейнебақылау камералары 7 600 мектепте орнатылған. Оларды қосу жұмыстары жалғасып жатыр.
Бұдан бөлек, Үкімет басшысы «Цифрлық полицей» жобасы аясында сатып алынған жаңа бейнежетондардың жұмысын бағалады.
Сондай-ақ Премьер-Министрге полицияға жол ережесін бұзғандарды анықтауға көмектесетін «Қорғау» жүйесінің ерекшеліктері туралы баяндалды.

Әлихан Смайылов тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту шараларын жүзеге асыру барысымен, көші-қон саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жұмыстарының нәтижесімен және CyberPol интернет-алаяқтықпен күрес жөніндегі жобамен танысты.
Сонымен қатар кадрлық процестерді автоматтандыру қорытындысы, жедел-қызмет, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және жалпы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша өзекті мәселелер қаралды.
JQ-Aqparat

Суреттер: Премьер-Министрдің баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі