jasqazaq.kz

ІІМ Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққандар анықталғанын хабарлады

24 қыркүйек 2024, 22:11

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында әскер мен барлық күштік құрылымдардағы зорлық-зомбылық фактілері туралы Мемлекет басшысы хабардар етілетінін жазды.

Жазбада: «Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты. Мемлекет басшысы ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды», —  делінген.

Көп ұзамай ішкі істер министрлігі  әлеуметтік желіде пойыз тамбурында Ұлттық ұлан сарбазын ұрып-соққан видео анықтағаны туралы ақпарат жариялады.

Рolisia.kz жазғандай, бұл өткен жылдың күзінде, қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілер үйге оралған кезде орын алған.

Осы оқиға бойынша биылғы 23 қыркүйекте Қылмыстық кодекстің 440-бабы 1-бөлігі «Әскери қызметшiлер арасында бағыныштылық қатынастар болмаған кезде олардың арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Барлық қатысушы, атап айтқанда, куәгер, жәбірленуші және күдіктілер анықталды. Күдіктілерді ұстауға бағытталған шаралар қабылданды.

Тергеу барысы ішкі істер министрі Ержан Саденовтың жеке бақылауында.

JQ-Aqparat

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі