jasqazaq.kz

ІІМ: “Qarmet” АҚ кәсіпорындарынан жанар-жағармай ұрлаған топ құрықталды (Видео)

25 шiлде 2024, 10:31

Жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы “Qarmet” АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай материалдарын ұрлау бойынша қылмыстық схеманы жолға қойған адамдар тобының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Топ мүшелері өздерінің бұл әрекеттерін ұзақ уақыт бойы жүзеге асырғаны анықталды. Жәбірленуші тараптың мәліметтері бойынша олардың кесірінен кәсіпорынға 50 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілген. – Бұдан басқа, “Qarmet” АҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерінің, оның ішінде күзет қызметінің жанар-жағармай жымқыруға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемде қаражат және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі