jasqazaq.kz

ІІМ пара беру опық жегізетінін ескертеді

18 желтоқсан 2024, 11:09

Ішкі істер министрлігі елдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыс жүргізуді жалғастыруда, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Бүгінде полиция қызметкерлерінің де, азаматтардың да әрекеттері бейнебақылау камералары, регистраторлар мен смартжетондар арқылы жазылады. Барлық мәлімет министрліктің Өзіндік қауіпсіздік департаментімен тұрақты түрде қадағаланады.

Polisia.kz жазғандай, соған қарамастан, кейбіреулер тарапынан лауазымды тұлғаларға пара беруге әрекеттену жағдайлары әлі де кездеседі. Күшейтілген бақылау басталғаннан бері осындай әрекеттер туралы полиция қызметкерлерінен 900-ден астам хабарлама түсті. Пара беру фактілері бойынша 70-тен астам қылмыстық іс қозғалды.

Мәселен, Астана қаласында бір азамат жауапкершіліктен құтылу үшін ақшаны қызмет көлігінде қалдырған. Құқық бұзушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Көкшетау қаласында ер азамат қылмыстық жауаптылықтан жалтару үшін полиция қызметкерлеріне 500 мың теңге ұсынған. Іс сотқа жіберілді.
Ішкі істер министрлігі ел тұрғындарын заңды сақтауға, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын әрекеттерді жасамауға шақырады.

JQ-Aqparat

Фото: gov.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі