jasqazaq.kz

ІІМ: Медицина қызметкерлері психоактивтік препараттарды сатқан

18 қараша 2024, 11:08

Елімізде 108 медицина қызметкері таблеткалардың сақтау шарттарын бұзғаны үшін және психоактивтік препараттарды айналымда ұстағаны үшін жауапқа тартылды.
ІІМ мәліметінше, ел аумағында жоспардан тыс «Дәрмек» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Рейдтік іс-шара кезеңінде прекурсорлар мен медициналық препараттарды қолданатын мыңнан астам ұйым тексерілді.
721 дәріхана,
77 қойма,
159 емдеу-профилактикалық мекемеcі,
129 өнеркәсіптік кәсіпорын.
«Алдында өткен «Дәрмек» жедел-алдын алу іс-шарасымен салыстырғанда анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың 30%-ға өскені байқалады»,- деп мәлімдеді ведомство.
ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжановтың айтуынша, әкімшілік жауапкершілікке 191 лауазымды тұлға тартылды, оның ішінде 108 медицина қызметкері.
«Сақтау шарттарын бұзғаны үшін 44 мың таблетка және 14 мың ампула психоактивтік препараттар айналымы шектелді. Есірткі құралдарымен жұмыс істеу саласында бес қылмыстық құқық бұзушылық анықталды», — деді ресми өкіл.
Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіптік объектілерінің бірін тексеру барысында лицензиясыз пайдаланылған 14 тоннадан астам тұз қышқылы анықталып тәркіленді. Абай облысындағы медициналық ұйымды тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және жою қағидаларын бұзу дерегі анықталды, онда 137 ампула психоактивтік заттар тәркіленді. Фармацевтке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс