jasqazaq.kz

ІІМ қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертті

08 сәуiр 2025, 10:56

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде ақшалай сыйақы үшін басқа мемлекеттердің қарулы күштерімен келісімшартқа отыруды ұсынатын жарнамалар мен бейнероликтер шыға бастады.

Қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қазақстан Республикасы азаматының шет мемлекеттің аумағындағы қарулы қақтығысқа немесе соғыс қимылдарына жалдамалылық белгілері болмаған кезде қасақана құқыққа қайшы қатысқаны үшін (ҚР ҚК 172-бабы) бес жылдан тоғыз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Жалдамалылық үшін (ҚР ҚК 170-бабы) іс-әрекеттің ауырлығына қарай жеті жылдан бастап, Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыра отырып немесе онсыз, мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

ІІМ азаматтарды Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға және құқықтық салдарға әкеп соғуы мүмкін іс-әрекеттерден аулақ болуға шақырады.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі