jasqazaq.kz

ІІМ: Іздеуде жүрген 633 қылмыскер ұсталды (Видео)

08 сәуiр 2024, 10:29

Жыл басынан бері ІІМ криминалдық полициясы іздеуде жүрген 633 қылмыскерді ұстады. Polisia.kz хабарлағандай, олардың ішінде 17 кісі өлтіруші, 15 тонаушы, 9 қарақшы, 7 бопсалаушы және 35 есірткі қылмыскері бар.

– Қылмыскерлерді іздеу тек Қазақстанда ғана емес, шет елде де жүргізіледі. Оларды ұстауға Интерпол көмектеседі. Биыл қаңтарда Анкара қаласында біз Түркияның Ішкі істер министрлігімен және Интерпол Бас хатшылығымен кездесу өткіздік. Қазіргі уақытта әр түрлі қылмыстар жасағаны үшін іздеудегі 12 қылмыскер Түркияда ұсталды, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Жалпы Қазақстан аумағынан тыс жерде барлығы 38 адам ұсталды, оның ішінде Түркия, Испания, АҚШ, Швеция, Чехия, Біріккен Араб Әмірліктері және Польша сияқты алыс шет елдерде – 19. Ресей, Қырғызстан, Грузия және Өзбекстан сынды таяу шет елдерде де – 19. Шетелдік әріптестер үшін Қазақстан полициясы ел аумағында 150 қылмыскерді ұстады.
Атап айтқанда, Ресей Федерациясы үшін – 92, Өзбекстан үшін – 30, Қырғызстан үшін – 16, Тәжікстан үшін – 8, Армения үшін – 3 және Әзірбайжан үшін – 1 қылмыскер.
– Іздеуде жүрген қылмыскер Дубай қаласында ұсталып, елге әкелінді. Ол 2010 жылы банктен 300 миллионға жуық теңгені иемденген. Сонымен қатар Польшада тағы бір қылмыскер ұсталды. Ол 2016-2019 жылдары Астана қаласында бір компанияның бухгалтері болып жұмыс істеп, 400 миллион теңге жымқырған, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Одан бөлек, жыл басынан бері республиканың криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 259 адамның орналасқан жерін анықтады.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі