jasqazaq.kz

ІІМ: Бір аптада 250 кг есірткі тәркіленді

30 қазан 2023, 10:29


“Қарасора” арнайы операциясының соңғы аптасында Түркістан, Жамбыл, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында 110 есірткі құқық бұзушылығы анықталды. 125 қылмыскер ұсталды. 250 кг есірткі, оның ішінде 238 кг марихуана, 2 кг гашиш және 10 кг синтетика тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қаласына кіре берісте Астананың 35 жастағы тұрғыны ұсталды, оның көлігінен 2,7 кг мефедрон тәркіленді. Шымкентте жергілікті тұрғынның көлігінен 3,2 кг мефедрон табылды.
Алматыда Skoda автокөлігінің салонын тінту кезінде 6 кг гашиш тәркіленді. Сонымен қатар Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолында Sсаnia жүк көлігі тоқтатылып, 4 келіден астам марихуана анықталды. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тағы 136 кг есірткі табылды.
Жамбыл облысының Шу ауданында жергілікті тұрғын ұсталып, одан 67 кг марихуана тәркіленді.
Ұсталған адамның айтуынша, ол бақылаудың азаюын күтіп, есірткіні қыста тасымалдауды жоспарлаған.
Демалыс күндері де бұл жұмыс жалғасты. Астанада жергілікті тұрғынның пәтерін тінту кезінде 1,5 кг мефедрон тәркіленді. Ал Теміртауда 22 жастағы есірткі жасырушы ұсталды. Одан 350 грамм мефедрон салынған 300 түйіншек тәркіленді.
– Барлық факті бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Жоғарыда аталған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Жыл басынан бері ішкі істер органдары барлығы 6 217 құқық бұзушылықты анықтады. 32,5 тонна түрлі есірткі, оның ішінде 5,8 тонна марихуана, 62 кг героин, 270 кг синтетикалық есірткі тәркіленді. Есірткі бизнесімен айналысқан 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың, оның ішінде үш трансұлттық топтың қызметі тоқтатылды. Есірткі топтарының 14 көшбасшысы және 52 мүшесі ұсталды, олардың ішінде шетелдік азаматтар да бар. 40 есірткі зертханасы жойылды, – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.

JQ-Aqprat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры