jasqazaq.kz

ІІМ: Баласы аулада боқтаса, ата-анаға айыппұл салынады

24 маусым 2025, 16:26

Балалар көшеде боқтап, бейәдеп сөз айтса, ата-анасы айыппұл төлейді. Ішкі істер министрлігі заңнама жағын түсіндірді.

Бейәдеп сөз айту – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы бойынша ұсақ бұзақылық.

Егер бала боқтап немесе бұзақылық жасаса – жауапкершілік ата-анаға жүктеледі. Айыппұл мөлшері баланың жасына байланысты:

— 14–16 жас – ата-анасына 7 айлық есептік көрсеткіш (АЕК), яғни 27 524 теңге айыппұл салынады (ҚР ӘҚБтК 435-бап).

— 16–18 жас – жасөспірімнің өзіне айыппұл салынуы мүмкін, бірақ табысы болмаса, ата-анасы төлейді. 10 АЕК-ке дейін, яғни 39 320 теңге (ҚР ӘҚБтК 66-бап).

— 12 жасқа дейін – толық жауапкершілік ата-анада. 10–15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (39 320 – 58 980 теңге) (ҚР ӘҚБтК 127-бап).

Кінәні дәлелдеу үшін полицияға келесі материалдарды ұсыну керек:

— куәгерлердің арыз-шағымы;

— бейне немесе аудиожазба;

— интернетте немесе жазбаша түрдегі қорлау жағдайына қатысты сараптама қорытындысы.

inform.kz

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы