jasqazaq.kz

ІІМ: Алматы мен Шымкентте қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

07 тамыз 2024, 15:09

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті қылмыстық топтардың әрекетіне тосқауыл қоюға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізіп келеді. Polisia.kz хабарлағандай, соңғы екі жылда 140-тан астам қылмыстық топтардың қызметі тоқтатылды. Криминалитеттің 550-ден астам өкілі жауапқа тартылды.

Аса қауіпті қылмыстық топтарды, оның ішінде “қаңтар оқиғасы” кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды құрықтау бойынша белсенді кезең аяқталуда.
Ағымдағы жылдың тамыз айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Бас прокуратурамен бірлесіп, Алматы және Шымкент қалаларында бір уақытта “Дикий Арманның” ұйымдасқан қылмыстық тобының 15 ықтимал мүшесіне қатысты ұстау және тінту шаралары жүргізілді. Топтың жетекшісі мен негізгі мүшелері қамауға алынғанымен, оның басқа мүшелері бостандықта заңсыз әрекеттерді жасауды жалғастырған. 40-тан астам тінту іс-шаралары жүргізіліп, атыс, травматикалық және суық қару, сондай-ақ олардың құқыққа қайшы қызметінің өзге де заттай дәлелдемелері тәркіленді. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп, ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшылары мен негізгі қатысушылары отырған мекемелерде жедел жағдайды тұрақсыздандыруға жол бермеу және тиісті режимді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады», – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі