jasqazaq.kz

ІІМ: 3 ай ішінде 20 есірткі егістігі анықталып, 5 мыңнан астам өсімдіктері жойылды

09 қыркүйек 2025, 9:59

Биыл маусым айынан бастап «Қарасора-2025» кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр. Нәтижесінде 20 есірткі егістігі анықталып, 5 мыңнан астам есірткі өсімдіктері жойылды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Атқарылып жатқан жұмыстарға ІІМ-нің арнайы бөлімшелері мен Ұлттық ұланның күштері тартылған. Операция барысында ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақ техникасы белсенді қолданылады. Үш ай ішінде 40 әуе ұшуы жүргізіліп, нәтижесінде 20 есірткі егістігі анықталды, 5 мыңнан астам есірткі өсімдіктері жойылып, 1 тоннадан астам салмақта тәркіленді.

Ұлытау облысында есірткіні еліміздің оңтүстік өңірлерінен орталық және солтүстік аймақтарға жеткізу арнасы әшкереленді. Құрамында төрт адам бар қылмыстық топ ұсталды. Олардан жол талғамайтын автокөліктер, оқ-дәрілері бар атыс қаруы және таратуға арналған 103 келі марихуана тәркіленді.

Жамбыл облысында марихуананы дайындап, сатуға дайындаумен айналысқан екі азамат ұсталды. Олардан 206 келі астам есірткі заты анықталып, тәркіленді.

Батыс Қазақстан облысында, жеке тұрғын үйлер орналасқан аумақта, заңсыз түрде жоғары концентрациялы қарасора өсірілген жылыжай анықталды. Операция барысында 47 түп, жалпы салмағы 135 келі есірткі өсімдігі алынды.

Түркістан облысында, таулы және қол жетуі қиын аймақтарда ІІМ мен Ұлттық ұланның бірлескен арнайы тобы жедел іс-шаралар жүргізді. Нәтижесінде үш азамат ұсталып, олардан атыс қаруы, сондай-ақ 650 келіден астам қарасора мен 48 келі көкнәр өсімдігі тәркіленді. Жезқазған және Сәтбаев қалаларында заңды тауар ретінде бүркемеленген есірткі заттарын жеткізу фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 43 тоннадан астам көкнәр тәркіленді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл кешенді әрі жүйелі сипатқа ие. «Қарасора-2025» операциясының үш айындағы нәтижелер: 677 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 242 – сату, 220 – заңсыз егіс фактілері; 2 тонна марихуана, 47 келі гашиш, 3 тонна қарасора, 155 келі синтетикалық есірткі және 8,5 тонна прекурсор тәркіленді; 27 мыңнан астам есірткі өсімдігі жойылды; 9 есірткі зертханасы жойылып, 3 ұйымдасқан қылмыстық топтың, соның ішінде бір трансұлттық топтың қызметі тоқтатылды.

Сурет: Видеодан кадр
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды
09 шiлде, 14:55
Қанат Шонбасов: Мақтадан дайын тігін бұйымдарын шығаратын тізбек қалыптасты
09 шiлде, 13:10
InEco Fest 2026: Табиғат, адам және өмір сүруге жайлы қала
07 шiлде, 12:35
Шығанақтағы шырғалаңнан - саяси және экономикалық тұрақтылыққа
03 шiлде, 16:01
Данияр Жүсіпов: «Шомылу маусымында қауіпсіздікке немқұрайды қарауға болмайды»
01 шiлде, 16:15
Номофобия балалар суицидіне түрткі болуы мүмкін