jasqazaq.kz

ІІД Есікте қыз зорлау ісіне қатысты түсінік берді

23 тамыз 2016, 1:58

photo_28672

Есікте қыз зорлады делінген күдіктілердің ісі Қылмыстық кодекстің төрт бабы бойынша қарастырылып отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство өкілдері күдіктілерге зорлау, адам ұрлау, сексуалдық сипаттағы зорлық әрекеттері және бұзақылық баптары бойынша айып тағылғанын айтты.

Полициядағылардың айтуынша, қылмыстық іс материалдарында күдікті ретінде 22-29 жас аралығындағы төрт адам бар. Олардың бірі Алматы қаласының тұрғыны. Олардың үшеуі ұсталып, Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Төртіншісі әлі іздеуде жүр.

«Қазіргі уақытта осы дерек бойынша барлық төрт бап бір өндіріске біріктірілді. Басшылықтың ерекше бақылауындағы қылмыстық істің тергеуімен облыстық департамент аппаратының тергеушілері айналысып жатыр», — деп хабарлады Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, бұл оқиға жайлы таяуда белгілі болды. Зорланған қыздың туыстары әлеуметтік желілерде оны 14 тамызға қараған түні кафеден бауырымен бірге шыққан сәтінде біреулердің ұрлап әкеткенін хабарлаған еді. Оларға төрт адам шабуылдаған делінеді, екеуі қызды көлікке күштеп отырғызса, тағы екеуі бауырына шабуылдаған. Осыдан кейін бауыры оқиға жайлы туыстарына айтып, кейін олар іздестіріп, қыз жатқан көлікті тауып алған.

Өз кезегінде ІІД өкілдері бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша тергеудің жүріп жатқанын хабарлады. «Қазіргі уақытта оқиға орнында Алматы облыстық ІІД тергеушілері мен қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Барлық төрт күдікті анықталды. Екеуі ұсталды. Тағы екеуі іздестіріліп жатыр. Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша қозғалды. Адам ұрлау және зорлау ісі бойынша. Күдіктілердің әрекетінде өзге де қылмыс түрі бар болуы мүмкін. Тергеу ІІД басшылығының ерекше бақылауында», — деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде