«Игілік» қоры азаматтық қоғамның дамуына үлес қосып келеді

18 сәуiр, 14:42

Соңғы жылдары елімізде азаматтық қоғамды дамытуға басымдық беріле бастады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл туралы былай деген еді: «Шын мәнінде, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» пен әділетті қоғам құру жолында өзара ынтымақтастық маңызды рөл атқарады. Егемендік жылдары Қазақстанда үкіметтік емес сектордың қызметі айтарлықтай жанданды. Қазір 2500 ұйым мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен гранттық қолдауға ие болып отыр. Олар жыл сайын екі мыңнан астам әлеуметтік жобаны жүзеге асырады. Үкіметтік емес ұйымдар сан түрлі саланы өркендетуге атсалысып келеді».

Шымшаһардағы үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қорлар да еліміздің дамуына барынша үлес қосуда. Шымкент қаласындағы «Игілік» қоғамдық қорының директоры Мұхтар Сарбасов jasqazaq.kz сайтына қор жұмысы туралы айтып берді.

— Мұхтар мырза, ең алдымен «Игілік» қоғамдық қоры қашан құрылды? Қоғамдық қордың мақсаты жайында айтып өтсеңіз?

— «Игілік» қоғамдық қоры 2020 жылы 4 сәуірде құрылған болатын. Біздің қордың мақсаты мен бағыты туралы айта кетейін. «Игілік» қоры негізгі үш бағыт бойынша жұмыс істейді. Бірінші бағыт — «Білім — асыл қазына», екіншісі — «Спорт — денсаулық кепілі», ал үшінші бағыт – «Қайырымдылық». Қордың мақсаты – негізінен жастардың әлеуетін арттыруға бағытталады.

— «Игілік» қоғамдық қоры азаматтық қоғамды дамытуға қандай үлес қосып жатыр? Бүгінге дейін қандай жұмыстар атқарылды?

— Қордың жұмысы жастардың қарымын арттыруға бағытталғандықтан, олардың білімге ұмтылуына, спортпен айналысуына, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды барынша насихаттауға тырысамыз.


Мәселен, білім бағыты бойынша «Жас өнертапқыш», «Интеллектуалдық олимпиада», «Мен тұлғамын», «Кітап лайф» жобалары жүзеге асырылады. Біз оқушыларға жыл сайын «Әке арманы», «Анаға хат» деген атаумен шығарма байқауын өткіземіз. Үздік шығарма жазған шәкіртақы алады. Оқушыларды кітап оқуға үндейтін «Кітап — лайф» сайысын өткіземіз. Ең көп кітап оқыған оқушы бағалы сыйлыққа ие болады. «Мен тұлғамын», «Мамандық таңдау», «Ұлттық құндылық» тақырыбы бойынша жастарға семинар өткіземіз. Спорт бағыты бойынша салауатты өмір салтын насихаттаймыз. Спорт түрлерінен жарыс, турнир өткізіліп тұрады.
Қор құрылғаннан бері қайырымдылық жасау мақсатында қаламыздағы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік жеткіземіз. Қысты күні көмір, отынмен қамтимыз. Одан бөлек, алтын құрсақты аналарымызды қолдауға арналған жобамыз бар. Әлеуметтік бағытта көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіледі. Оған қоса, «20 жылдық — бір баспана» деген жобамыз бар. Ол бойынша мектеп бітіргендеріне 20 жыл болғандар бір отбасыға баспана сыйлайды.

— Алдағы уақытта қордың алдында қандай міндеттер тұр?

— Алдағы уақытта осы ауқымды шараларымызды кеңірек өткізсек деген ойдамыз. «Игілік» қоғамдық қоры азаматтық қоғамның дамуына әрмен қарай да өзіндік үлесін қосады. Ең бастысы, жас ұрпақты саналы етіп тәрбиелеуге бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Шымкенттегі әлеуметтік осал топтарға мүмкіндігінше көмек беруді жалғастырсақ дейміз. Тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттыруға көмектесуге атсалысамыз. Осы аталған нақты бағыттар бойынша қоғамдық қор жұмысын жалғастырады. Атымызға сай, айналамызға игіліктің ақ жолын көрсеткіміз келеді.

Мақпал Махамет

Суреттер: «Игілік» қоғамдық қоры

30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды