jasqazaq.kz

«I-Kolik» мобильді қосымшасын қолданушылар саны 200 мыңнан асты

17 мамыр 2023, 15:31

Шымкентте Мемлекет басшысының «Цифрландыру бағдарламасы» аясында берілген тапсырмасына сәйкес, бірнеше жоба жүзеге асырылып жатыр. Солардың бірі қоғамдық көліктің жол ақысын төлеудің электронды жүйесі мен халықты қоғамдық көліктің қозғалысынан хабардар ететін «I-Kolik» мобильді қосымшасы.

Шымкент қаласында онлайн режимде қоғамдық көлік қозғалысы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға мүмкіндік беретін «I-Kolik» мобильді қосымшасы қазір кең қолданыста. Қазіргі таңда мобильдік қосымшаны пайдаланушылар саны 200 мыңнан асты. Мобилді қосымшаны жүктеген адам тиісті бағытының қайда келе жатқанын бақылап, аялдамада күту уақытын жоспарлай алады.

Қоғамдық көлік қызметін мемлекеттік мекеме тарапынан да бақылауға алынңан. Жолаушыларды тасымалдау сапасын арттыру мақсатында «Диспетчерлік қызмет орталығы» мекемесі автоматтандырылған бағдарлама арқылы қалалық қоғамдық көліктердің қозғалысына үздіксіз мониторинг жүргізіп отырады. Жүргізушілер тарапынан бұзушылықтар немесе әдеттен тыс жағдай болу фактілері анықталса, жедел түрде тиісті шаралар қолданады. Сонымен қатар, 2020 жылы

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерге электрондық билеттендіру жүйесі енгізілгені белгілі. Аталған жүйе жолаушыларға жол ақысын көлік картамен, SMS, QR- код арқылы төлеуге мүмкіндік береді. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының дерегінше, қазіргі таңда, сатылған көлік карталарының саны 310 мыңнан асады, ал күнделікті транзакциялар саны 300 мың теңгені құрап отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілген. Схемамен қаралған маршруттық желісіне сәйкес, 77 маршруттың жұмысы ұйымдастырылды. Күнделікті 875 автобус бағытқа шығып, жолаушыларды тасымалдайды. 10 көлік компания жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетеді.

Еске сала кетейік, қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында 2019 жылы 300 жаңа автобус, 2020 жылы 590 жаңа автобус сатып алынды. Қазіргі таңда пайдалану мерзімі 5 жылға дейінгі жаңа автобустар көрсеткші 90 пайызды құрайды. Ал, биыл қала тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, тасымалдаушы мекемелерге ескірген автобустарды жаңалау бойынша талап қойылады. Осыған орай, 2023 жылы тасымалдаушы мекеме есебінен жаңа 20 автобус сатып алу жоспарда бар.

Мерей Әлімбек

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі