
Алматыда өтіп жатқан қысқы Универсиадада хоккейден әйелдер ұлттық құрамасы Жапония құрамасынан жеңілді. Бірінші кезеңде тең түскен ұлттық құрамамыз екінші және үшінші кезеңде өз қақпасына 2 шайба жіберіп алды. Жалпы ойынның нәтижесі 0:4. Алдағы уақытта ел құрамасы 6-шы немесе 7-ші орын үшін, 6-шы ақпан күні Ұлыбритания әйелдер құрамасына қарсы соңғы кездесуін өткізеді.