
Шымкентте химиялық қоспасы жоқ таза органикалық өнім сатылымда. Жаңа нүкте Қырғы базардағы көкөніс павильонынан ашылды. Ол жерде органикалық тыңайтқышпен өсірілген өнім көпшілікке ұсынуда.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығындағы ең қажетті тыңайтқыштың бірі – биогумус. Биогумус – органикалық тыңайтқыш, ауыл шаруашылық қалдықтары шылаушын және басқа да микроағзалармен өңделеді.Шолпан Әбдірахман калифорниялық қызыл шылаушын өсіріп, биогумус өндіру кәсібін дамытып отыр. Кәсіпкер осы кәсіптің таза табиғи өнім өсіруге пайдалы екендігін тілге тиек етті.
–Біз өнідірп жатқан биогомус адам ағзасына өте пайдалы. Бүгінде әлемдегі ауыл шаруашылығы химиялық минералдарды көп пайдаланғандықтан жердің табиғи құнарлығы жоғалып жатыр. Осы преблеманы шешу үшін ауыл шаруашылығы саласының мамандарымен, шаруалармен бір коператив болып бірлесе жұмыс жасап жатырмыз, — дейді кәсіпкер.
Биогумус өте пайдалы органикалық тыңайтқыш болғандықтан, оған деген сұраныс та жоғары. Биогумус топырақтың құнарын, құрылымы мен физикалық қасиеттерін жақсартады. Биогумуспен тыңайтылған топырақты бірнеше жыл қолдануға болады. Ол осы органикалық тыңайтқышпен өсірген өнім адам денсаулығына зиянсыз.
–Шымкент қаласында алғаш рет эко-өнімдер сататын сөре ашылды. Бүгінге келіп органикалық топыраққа өскен көкөніске деген халықтың қызығушылығы артуда. Өйткені биогомуспен өсірілген көкөністе химиялық қоспалар болмауынан адам ағзасына қажетті дәруменнің барлығымен қамтамасыз етеді, — дейді қалалық ауыл шаруашылығы және ветиринария басқармасының өкілдері.
Кәсіпкерлер органикалық тыңайтқышта өсірілген өнімді сауда орнына шығарып отыр. Тұтынушы экоөнімнің дәмін көріп қажетті жемісін сатып алады.Табиғи тыңайтқышпен өскен өнімнің артықшылығы біріншіден, адам баласына, оның денсаулығына пайдалы. Ал екіншіден жерімізге орасан зор пайдасы бар. Бұл кәсіпте үлкен қаражат, пайда табуға болады.
Мерей Әлімбек