jasqazaq.kz

Harmony Rider Technology қаржы пирамидасы ақтөбеліктерден 197 млн теңге жымқырған

11 маусым 2025, 11:38

 Қаржылық мониторинг агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Harmony Rider Technology қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.

Дерекке қарағанда, өздерін АҚШ-та тіркелген және электр самокаттарын өндіретін ірі компания ретінде таныстырған күдіктілер азаматтарға жоғары табыс әкелуге уәде еткен.

— Алайда, іс жүзінде электр самокаттарын сатумен айналыспаған. Салымшыларға төлемдер тек жаңа қаторде 115 адам пирамидаға 197 миллион теңгеден астам қаражат салған, — деп жазды тексеруші органнан.

Тергеу кезінде күдіктілер салымшылардың ақшасын OKX крипто әмиянына аударып, одан кейін фиаттық ақшаға айырбастап, банк шоттарына шығарғаны анықталды.

Заңсыз кірістер есебінен Ақтөбе қаласында 2 пәтер мен 3 автокөлік сатып алынып, жасыру мақсатында жақын туыстарына рәсімделген.

Сот санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды.

Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы бойынша басқа ақпарат жария етілмейді.

Айта кетейік, қазіргі таңда еліміздің 6 өңірінде — Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Астана және Алматы қалаларында HRT қаржылық пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін құру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

inform.kz
Фото: Қаржылық мониторинг агенттігі

Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы