jasqazaq.kz

Харбин-2025: Шорт-тректен ерлер құрамасы алтын медальға қол жеткізді

09 ақпан 2025, 13:15

Шорт-тректен еліміздің ерлер құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Қазақстан ҰОК баспасөз қызметінің мәліметінше, эстафеталық жарысқа Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен қатысты.
ҰОК президенті Геннадий Головкин Харбин-2025 Азия ойындарының эстафеталық жарысында тарихи алтын медальді жеңіп алған шорт-трек құрамасын құттықтады.


«Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті атынан және өз атымнан Глеб Ивченко, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен, Абзал Әжғалиев және Әділ Ғалиахметовті Харбиндегі қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасының алғашқы алтын медалін жеңіп алуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – қазақстандық шорт-трек үшін әлемдік деңгейдегі кешенді жарыстардағы алғашқы жоғары дәрежелі жүлде және мыңдаған жанкүйер осы тарихи сәттің куәсі болды. Бүгін сіздер жеңіске деген жігерлеріңіздің арқасында лайықты түрде тұғырдың ең биік сатысына көтерілдіңіздер. Және көп жылдан кейін Қазақстанның әнұраны Азия құрлығының қысқы додасында қайта шырқалады.
Сіздерді осы жеңіске жетелеген бапкерлеріңізге ерекше алғыс айтамын. Бұл жарқын жеңіс – бүкіл ел үшін зор қуаныш. Рақмет, алға, Қазақстан!» – деді Геннадий Головкин.
JQ-Aqparat
Сурет: Сали Сабыров

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі