jasqazaq.kz

«Хан Шатыр» ұлттық киіммен байланысты кикілжің үшін кешірім сұрады

17 желтоқсан 2024, 12:45

Әлеуметтік желіде Астанадағы «Хан Шатырға» қазақтың ұлттық киімімен кіруге болмайтыны туралы блогердің бейнежазбасы тараған еді. Ойын-сауық орталығы бұл мәселеге қатысты ресми жауап берді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Орталықтың ресми жауабында: «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы ешқашан және еш уақытта қазақтың ұлттық киімін киюге қарсы болған емес, себебі бұл – біздің ұлттық құндылығымыз. Керісінше, алғашқы күннен бастап бүгінге дейін біз мемлекеттік ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатып, ұлттық мұрамызды, дәстүрлерімізді және өнерімізді насихаттауға бағытталған іс-шараларға белсенді көрсетіп келеміз.

Өкінішке қарай, сауда орталығына келуші мен күзет фирма қызметкері арасында түсінбестік пен жағымсыз оқиға болды. Осы жағдайға байланысты біз осы оқиғаға тап болған келушімен кездесіп, мән-жайды толық түсіндіріп, ресми түрде кешірім сұрадық. «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының атынан осы оқиға салдарынан көңіліне қаяу түскен Қазақстан Республикасы азаматтарынан шын жүректен кешірім сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз және осындай келеңсіздіктер қайталанбайды деп үміттенеміз, — делінген.

JQ-Aqparat

Фото: kazpravda.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі