jasqazaq.kz

Хаменеи: Ирандықтар ядролық келісімнен пайда көрмей тұр

02 тамыз 2016, 12:28

 

B6F524C7-6A56-405C-9D27-57E0EDC81853_cx0_cy2_cw0_w987_r1_s_r1

 

Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи қарапайым ирандықтар әлемдік державалармен жасалған ядролық келісімнен әлі пайда көре алмай отыр, – деп мәлімдеді. Келісім бойынша Тегеран ядролық бағдарламасын шектеп, Иранға салынған экономикалық санкциялар алынған.

1 тамызда Тегеранда сөйлеген Хаменеи санкциялардың жойылуы ирандықтардың күнделікті өмірінде байқалмағанын айтты. Хаменеи барлық санкциялар бірдей алынбағанын айтады.

Иран көсемі Иранға қатысты санкциялардың әрекет ету мерзімі бірден тоқтатылуы тиіс болғанын, бірақ АҚШ санкцияларды кезең-кезеңімен жойғанын айтты. Ол шетелдік компаниялар Иранға инвестиция салуға асықпайтынын да жеткізді. Хаменеи АҚШ-ты «жалған уәде берді» деп сынап, Тегеран «енді Американың уәдесіне сенбеуі тиіс» екенін мәлімдеді.

Иран президенті Хамман Роухани санкциялар жойылған соң Иран экономикасы дамып, елде жаңа жұмыс орындары ашылатынына уәде еткен. Әуелде келісімді біраз қолдаған Хаменеи кейін оған қол қойылған соң үнемі сынап келеді.

 

Азаттық радиосы

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде