jasqazaq.kz

Халықаралық волонтерлік құлашын кең жайды

20 маусым 2023, 14:11

Бүгін Астанада Халықаралық волонтерлер форумы аясында «Халықаралық волонтерлік бастамалар: тәсілдер мен тәжірибелер» сессиясы өтті.
Сессия аясында ірі шетелдік ұйымдардың өкілдері: АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбай, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы хатшысының орынбасары Дәурен Абаев, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори, UNFPA өкілділігінің Басшысы, Түрікменстан мен Қырғызстандағы еларалық директоры Ронни Линдстром, БҰҰЕ аймақтық маманы Эмилия Асадова, Бүкіләлемдік азық-түлік бағдарламасы әйелдер кәсіпкерлігі бойынша маман, Финляндия Катариина Йарви, Түркі Мемлекеттері Ұйымының Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев және басқалар сөз сөйледі.
Пікірталас барысында Форумна қатысушылар халықаралық волонтерліктің дамуы, оның практикалық тәсілдері мен халықаралық волонтерлік бастамаларды іске асыру бойынша проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары талқыланды.
Сарапшылар халықаралық волонтерліктің белсенді дамуын атап өтті.
Мәселен, БҰҰ даму бағдарламасымен жұмыс аясында 7 қазақстандық волонтер Иордания, Кения, Тайланд пен Түркиядағы БҰҰ-ның түрлі құрылымдарында жұмыс істеді. Жүргізілген жұмыс біздің елге волонтерлік қызмет саласында әлемдік оң тәжірибені енгізуге мүмкіндік берді.

Қазақстан мен Ресейдің волонтерлік ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен Волонтерлік кеңестің халықаралық ынтымақтастығы дамуда.
Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ Еріктілер бағдарламасы бірлесіп  Қазақстанда Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 75-сессиясында сөйлеген сөзінде айтылған «Волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын» жариялау туралы бастамасын ілгерілету бойынша Жол картасының жобасы әзірленді.


Бұл бастама түрлі халықаралық диалог алаңдарында, атап айтқанда Ресей, Тайланд, Қытай мен Түркияда өткізілген іс-шаралар аясында талқыланды.

Jq-aqparat

23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста
18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции