jasqazaq.kz

Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ Чехияда ұсталды (Видео)

15 наурыз 2024, 15:32

Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Чехиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Күдіктіні бүгін Бас прокуратура, ішкі істер министрлігі Қазақстанның сыртқы істер министрлігімен бірлесе экстрадициялады.

«Ол 2021 жылдың көктемінде жәбірленушіге халық тұтынатын тауарларды Қазақстаннан Ресейге тасымалдау қызметін ұсынып, оны алдап 19 миллион теңгенің тауарын иемденген. Оны басқа тұлғаларға сатып, ақшасын жымқырды деген күдікке ілінген. Қылмыс жасағаннан кейін күдіктінің жасырынуына байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланды» — делінген хабарламада.

2024 жылдың қаңтарында ол Чехияда ұсталды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Енді ол 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі