jasqazaq.kz

«Халық қатысатын бюджет»: тұрғындардың өтініші ескеріледі

14 мамыр 2023, 17:08

Еңбекші ауданының Президент тапсырмасына сай әлеуметтік-экономикалық дамуы, жол, инфрақұрылым, абаттандыру жұмыстары жоспарға сай атқарылуда. Өткен жылы бесінші ауданның құрылуына байланысты Еңбекші ауданында біршама өзгерістер орын алды. Мәселен, Еңбекшіге Қаратау ауданынан Исфиджап, Орманшы, Достық тұрғын алаптары мен Азат шағынауданы қосылды. Өткен жылы атқарылған негізгі жұмыстар және алдағы жоспарымен аудан әкімі Досбол Есілбек бөлісті.

Бүгінде Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектарға жетіп, халық саны 228 830-ды құрады. Ауданда 18 тұрғын алап және 11 шағынаудан бар. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Еңбекші ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту бойынша 2023-2025 жылдарға арналған «Жол картасы» бекітілген. Аудан аумағындағы 29 елді мекеннің халық шоғырланған негізгі бөлігі инженерлік жүйелермен қамтылған. Атап айтсақ, ауыз су – 94,5 пайыз, электр жарығы – 98,3 пайыз, табиғи газ – 90,7 пайыз, кәріз жүйесімен қамту жағдайы 41 пайызға жеткен.

Қазіргі таңда аудан бойынша 283 көпқабатты үй 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл орайда тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы жергілікті бюджеттің қалыптасуына да өз үлестерін қосып жатыр.

–2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің ауласы абаттанып, жеке секторда 11 кешенді балалар ойын алаңшалары халық игілігіне берілді. Биыл 26 көп қабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшасын құруға қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, 7 спорт алаңшасын орнатуға қаржы қарастырылды, – деді әкім.

Досбол Күздікбайұлының айтуынша, «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша жоспарды кеңейту мақсатында, қосымша балалар алаңшасын құру, аяқжол, тұрғындарға қажетті жағдайлар жасау бағытында конкурс өткізіп келеді. Яғни, тұрғындар аудан әкімдігінің сайтына, әлеуметтік желілерге өтініштер қалдыруына болады.

Аудан аумағында күз, көктем мезгілдерінде жауын-шашын суларының жиналуын болдырмау, алдын алу мақсатында зерделеу жұмыстары жүргізіліп, 52 мекенжай анықталған. 2022 жылы су алу қауіпі жоғары 21 мекенжайға ұзындығы 7,3 шақырым ирригациялық арықтар орнатылды. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасын табады. 2023 жылы су жиналатын 10 мекенжайға, 3,5 шақырым аумаққа ирригациялық жүйелер орнатуға қаржы қаралды.

Мерей Әлімбек

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық