jasqazaq.kz

«Хабар» агенттігі басқармасында жаңа басшы

18 мамыр 2016, 11:39

94bc6a90-8e3f-499c-9ee5-60a7e034195a

2016 жылғы 18 мамыр күні Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «Хабар» Агенттігі» АҚ ұжымына жаңа басшыны таныстырды, деп хабарлайды «Хабар» агенттігі. Бұл орынға Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келген Алмагүл Ахметжанова тағайындалды.

Алмагүл Ахметжанова 2016 жылғы 16 мамырда Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болып тағайындалған Айдос Үкібайдың лауазымына орналасады.

Алмагүл Ауғалиқызы Ахметжанова 1975 жылғы 4 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген. ҚазМҰУ 1998 жылы «Әлеуметтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Магистр дәрежесі бар.

Алмагүл Ахметжанова Агенттіктегі өз еңбек жолын 1999 жылы редактор және продюсер лауазымында бастады. 2002 — 2004 жылдары бағдарламалар дирекциясының жетекшісі, 2005 — 2011 жылдары бағдарламалар дирекциясының директоры, 2012 жылдан бастап күні бүгінге дейін – Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары лауазымында қызмет етті.

«Хабар» Агенттігі» АҚ — медиа холдингі 1995 жылы құрылды және Қазақстанда және шет елде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хабар тарататын «Хабар» арнасы, жерсеріктік арна «Kazakh TV», тәулік бойы ақпарат тарататын арна «24 KZ» және мәдени-ағартушылық арна «Білім және Мәдениет» атты төрт арнадан тұрады.

today.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде