jasqazaq.kz

Гүлзира Айдарбекова: Жаңа келініме халық тыныштық бермей жатыр

24 қараша 2023, 10:39


Продюсер Гүлзира Айдарбекова жақында үшінші ұлы Заңғарды қайта үйлендірді. Заңғар Нұртастың анасы «MOM’skий» бағдарламасында жаңа келіні Индира жайлы айтты. «Барлығы ойдағыдай болып жатыр, шүкір. Келін әйтеуір күліп тұрады. Сонысына ризамыз. Әлі оның оңды-солды мінезін білмеймін. Бірақ жан-жағындағы таныстардан сұрағанда «Өте тәрбиелі отбасы», «Өте жақсы қыз» дегенді естідім. Ешкімнен бір жаман сөз естімедім. «Қыздары жаман емес» деп жатады. Уақыт өте көреміз. Мақтауға да қорқып қалдық қой. Ешнәрсеге сенбей қалады екенсің. Біржола ма екен жоқ әлде мәңгілік пе екен деп қаласың. Бір видеосына «Өзімнің мәңгілік үйіме келдім» деп жазып қойыпты. Қуанып қалдым. Олардың да жоспары бар. Ешкімді жолынан ұстамаймын», — деді Гүлзира Айдарбекова. Cонымен қатар Заңғардың анасы ұлының жаңа келіншегіне де халық тыныштық бермей жатқанын айтты. «Мына келінге де халық тыныштық бермей жатыр. «Қу сияқтысың ғой» деп оның да көңіліне жайсыздық сыйлап жатыр. Елдің сөзінің қажеті жоқ сияқты. Енесі емес, халық ажыратып жіберетін сияқты. Мен емес, енесі халық болып тұр», — деді Гүлзира Айдарбекова.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі