jasqazaq.kz

Гүлзира Айдарбекова тойға қаншаға шығатынын айтты

15 наурыз 2025, 12:28

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова тойда ән салу үшін қанша теңге алатынын айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Өнер иесі тойларға жиі қатысатынын жасырмады.

«Ағайын, туыс көп болғасын тегін баруға тура келеді. Еңбекақыңды дұрыс бермесе, барғымыз да келмейді. Бірақ бір адамның жақсылығы болады, бір адамды өзің қуантқың келіп тұрады. Сондай кезде тегін өнерімізді көрсетеміз. Нұрекең қазір Астанада, сол жақтан ұшып келеді. Мен Алматыдамын. Екеуіміздің жолымыз бен қонақүйіміз бар. Соның бәрін есептегенде – 1 миллион 500 мың теңге. Тойымыз өте көп. Ырымын жасап, арнайы жолыңды берсін деп, жақсы ниетпен шақыратындар жетеді», – деді продюсер Taboo бағдарламасына берген сұқбатында.

Сондай-ақ арт-директор әншілікке қалай бет бұрғанын да айтып берді.

«Маған көп адам хабарласады. «Қызымды ұзатып бер», «Баламды бесікке салып бер» дейді. Жақсы ниетпен шақырып жатқасын барып, тойларына қатысамын. Бірақ «Ән жоқ па?» деп сұрайды. Содан алғаш рет «Зуби-зубиді» жаздырдық. Ол қатты танымал болып, халыққа ұнады. Одан кейін тағы да әндер жаздық. Солай ән айтып кеттік. Мен әнші болып, байқауға қатысайын деп жатқан жоқпын. Тек тойларда ғана айтамын. Негізі продюсер деген әншіден биік. Өзімнің атымды төмендеткім келмейді», – деп ағынан жарылды Гүлзира Үсенқызы.

Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі