jasqazaq.kz

Гүлзира Айдарбекова: О, адамдар, жақсы сөйлейікші! (Видео)

06 маусым 2024, 15:09

Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекова ұлын «мамасының баласы» дейтіндерге жауап берді. Продюсер пікірін Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Қайраттың ата-анасына, бізге деген ерекше құрметіне разы адамдар 80 пайыз болса, 20 пайызы азғырумен отырады. «Ой, мамасының баласы» дегеннен бастап мұқатады. Бірақ Алла оның жүрегіне салған мейірімділігін ешкім алып тастай алмайтынына көзі жетер емес. Алланың берген бағымен таласқанынан өз ұрпағына зияндық келетініне де күмәні бар немесе қысқа ойлайды, санасы жетпейді», — деді ол.

Продюсер ата-анаға деген ізгілікті түсіндіретін мақал-мәтелдердің бірнеше мысалын ұсынды.

«Мынадай мәтелдер жайдан-жай емес. «Ата-ананы құрметтеңіз, олар сияқты сізді ешкім, ешқашан жақсы көре алмайды!», «Ата-ананың ақ батасы сені үлкен жетістіктерге жеткізеді», «Жануар азық үшін торға түседі, ата-ана бала үшін отқа түседі!», «Ата-анаң үшін не істесең, балаларыңнан соны күт!», — деп жазды Айдарбекова.

Осылайша Қайрат Нұртастың анасы оқырманды жақсылық жасауға шақырды.

«О, адамдар, жақсы сөйлейікші. Бір-бірімізге жақсылық жасайықшы. Сол кезде Алла елімізге де, әр отбасына да жақсылықтың нұрын төгеді. Мүмкін өзгеру және өзгерту өз қолымызда!», — деді продюсер.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі