jasqazaq.kz

Гүлзира Айдарбекова: Күйеуіңмен тең құқылысың деген сөз дұрыс емес

20 қараша 2023, 11:49

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова еліміздегі ажырасу себебін айтып, әйелдерді ер адамдардан бір саты төмен тұруға шақырды. Продюсер оқырмандарымен тығыз байланыс орнатып, олардың тарапынан келетін сұрақтарға әлеуметтік желіде жауап берді.
“Қазір қоғамда жиі айтылатын сөзге қарным ашады. “Өзіңді жақсы көр, күйеуіңмен теңсің, өзің ғана күшті бол” дегенді асыра сілтеп тастаған. Негізі, тереңнен ойласақ, біздің менталитетке сай келмейді. Біздің қазақ әрдайым ер адамды сыйла, әйел бір саты төмен дейді. Бізді ата-анамыз осылай тәрбиелеген. Олардың тәлімі біз үшін өмір бойы – сабақ. Жолдасымның айтқанына көбірек құлақ түремін. Дұрыс болмай жатса айтып түсіндермін. Мейлінше, ортақ шешімге келуге тырысамыз. Сіз де күйеуіңіздің бетінен алмай, тәкәппарлық танытпай, шешімін табыңыз. Отбасылық құндылық осыдан басталады”, – дейді продюсер. Айтуынша, әйелдердің ерлермен тең болуы – жат нәрсе, түбі ажырасуға әкеп соғады екен.
“Қазіргі уақытта ерлі-зайыптылар арасында әйелдер мен-мендікке салынып, артық кетіп жатады. Еліміздегі ажырасудың көбеюі де осыған байланысты. Қай жағынан алып қарасақ та ерлермен тең болуымыз – жат ұғым. Басқа ұлттарға қарасаң, қартайған шағында жалғыз қалады немесе қарттар үйіне өткізіп жібереді. Мейірім жоқ. Осындай өмірдің бетін әрмен қылсын! Біздікілер соларға еліктеп, өзіңді жақсы көр, күйеуіңе міндетті емессің” дегенді жиі айтады. Олардың дені біздің қазақы тәрбиемізге, өмір сүру салтымызға келе ме, зияны тимей де деп саралау керек. Ғаламтордағы ақпаратты сүзгіден өткізіп, керегін ғана алу керек. Қазір көп әйел “өзім”, “өзімдікі ғана дұрыс” деп кетті. Ол қазақтың “Мықты еркектің артында әйел тұрады” деген қанатты сөзімізді ұмыттырды. Ерлерге әйел тарапынан қолдау болмағасын отбасында махаббат пен мейірім азайып қалғандай көрінеді”, – дейді Гүлзира Үсенқызы.

JQ-Aqparat

26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры