jasqazaq.kz

Гүлзира Айдарбекова: «Гүлекең күн бермейді» дегенді естіп пе едіңіз?!

16 қараша 2023, 13:22


Продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасылық құпиясын бөлісті. Хитменнің анасы Қайрат Нұртастың жұбайына қатысты көпшілік сауалына жауап берді. Желі қолданушысының бірі продюсердің жазбасының астына «Гүлзира, барлығын желіге салып отырсыз.

Тойды тамашаладық. Бірақ отбасы жайлы айтқанда, бәрі шынайы болуы керек сияқты. Неге үлкен құдаларыңыз бен үлкен келініңіз Жұлдыз жайлы айтпайсыз? Ол да бір отбасылық тәжірибе ғой. Айта отырыңыз», — деп пікір қалдырған. Ал Гүлзира Айдарбекова бәрі тек өзіне байланысты еместігін атап өтті.

«Неге оның бәріне ене кінәлі болуы керек? Екі ортада шыбын өледі демекші, бәрі тек маған байланысты бола берді ғой. Әр адамның өзі басы жеткенше істейді. Жоқ, әлде, «Гүлекең күн бермейді екен», «Ауызын ашып ұрысыпты» дегенді естідіңіз бе? Нұрекең маған бір-ақ айып тағады. Ол айыбым: келіндерге қатты жағдай жасап қоямын. Мүлде ұрыспаймын, қатты ұстамаймын. Түске дейін оятпаймын. Қонақ шақырып, шарқ ұрып жүргенімде еш мазасын алмай, қыдыруға жіберемін. Үйді тазалайтын мамандар шақырып, үйді жинатып, аспаз жұмсаймын. Міне, менің кінәм. Ал көз жеткізгіңіз келсе, сізді мазалаған болса, бізбен араласатын кез келген адамнан сұрай аласыз», — деп жауап берді продюсер Instagram парақшасында.

JQ-Aqparat

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді