jasqazaq.kz

Гүлзира Айдарбекова: Ертең мен келінімнің қолына қараймын

06 қараша 2023, 11:14

Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде отбасылық өмірдегі қиындықтарды сөз етіп, кейін қартайған шағында барлығын келіні шешетінін айтып қалды.

«Отбасын құрған кезде бір қиын кезең болады. «Үйлену оңай, үй болу қиын» дейді ғой. Ол бұрыннан келе жатқан сөз. Менің сөзім емес. Жас келінге түсіну керек. Ол бір ең қызық сәттер. Мысалы, күйеуіміз екеуіміз үйленген кездегі қиналғаным қазір маған бір сондай қызық, керемет естелік. Сіздер сол естелікті ұмытпаңыздар. Бақытты адам жоқ, бақытты сәттер көп. Осының бәрі сіздің бақытты сәттеріңіз болып қалады. Балам менен сұрануы мүмкін. «Мама, мына жаққа барсам болады ма?» деп. Қазір күш менің қолымда, бірақ түбіріне келетін болсам, ертең мен келінімнің қолына қараймын. Өйткені, біз қартаямыз, қолымыздан күш кетеді. Сол кезде баратын жерімізге «келініміз жіберсе екен», «маған бір дәмді тамақ жасап береді ме екен» деп, келініміз бен ұлымыздың қолына қарап қаламыз. Әсіресе, келінге қарап қаламыз. Сол себепті, бір-бірлеріңізбен жақсы қарым-қатынаста болыңыздар. Ол ақшаға тірелмейді. Өзіңіз жылы шыраймен әдемі келін болып жүре беріңіз. Оның барлығы бақыты кездеріңіздің сәттері болып қалады», — дейді.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде