jasqazaq.kz

Гүлзира Айдарбекова: Ене болған соң, соқыр бола саласың, керең бола саласың

30 шiлде 2024, 12:11

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова үш келінімен қарым-қатынасын айтып берді. Өнер иесі журналист Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында келіндерінің жағдайын жасап отырғанын жасырмады.

«Әр келіннің жақсы жері де, ұнамайтын жері де бар. Ене болған соң, соқыр бола саласың, керең бола саласың. Құдайға шүкір, үшеуінің де тіптен жаман жақтары жоқ. Біздің оларға зиянымыз жоқ. Үйлерін азық-түлікпен толтырып қоямыз. Үйге, көліктеріне кететін шығындарын жабамыз. Жөндеп, майын құйып отырамыз. Барынша көмектесеміз. Телефоны бұзылған күні бір сағаттың ішінде жаңасын сатып аламыз. Ұнаған көйлектерін сол бойда үстіне кигіземіз”, – деп жан сырын ақтарды әнші.

Сонымен қатар продюсердің айтуынша бұл әрекетінен кейде таяқ жейтінін де жасырмады.

“Ойланып отырсам, кейде біздің де дұрыс емес жеріміз бар. Негізі барлық жағдайды жасамау керек екен. Өздеріне тапсыру керек. Менің де кемшілігім көп. Ауылдағы келіндер таң атпай тұрып, тірлік жасайды. Ал біз ұйықтай тұрсыншы деп аяймыз. Әрқайсысына бір-бірден көмекші жалдаймыз. Көп жұмсалған келін әр нәрсенің қадірін біледі. Ал көп жұмсамай, жағдайын жасай берсең, көп аяй берсең, кейін ол сені аямайды. Қиналмағаннан кейін қиындықтың не екенін білмей қалады екен», – деді Айдарбекова.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі