jasqazaq.kz

Гүлзира Айдарбекова: Араға азғырушылар түспесін!

12 сәуiр 2024, 12:35


Продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде өзін құттықтап жатқан жақындары мен барша халыққа алғысын айтты.
«Құттықтап жатқан баршаңызға, аналық ақ жүрегіммен басымды иемін! Алла ең бастысы келіндеріңізді адалынан берсін! Барлық ана атаулы осы сөзді дұғаларыңызға қосып айта жүріңіздерші. Алланың мейірімі шексіз ғой шіркін! «Жақсы сөз жарым ырыс» құдалармен жақсы қарым-қатынас, мың жылдық болу да бәрі осы ұл-қыздарымыздың бақытына таңылып қойған. Анашым деп күлімдеп алдыңызда жадырап келініңіз шәйін мәпелеп құйып беріп отырса, аналардың арманы сол емес па? Қалған минустарының бәрін түзеп қойып отыра бересің ғой. Тек араға азғырушылар түспесін! Отбасының шамшырағы, ұйытқысы осы ене мен келін емес па. Мейірімі шексіз Аллам, ұл-қыздарымыз үлкен әулетті отбасы болып, ауыз біршілігіміз мол болсын! Еңбектің зейнетін көрсем, үміт артқан ұрпағымның бақытын көрсем деген кезде Алла бәле-жала, тіл-көзден сақтасын баршаңызды. Еліміз тыныш, жұртымыз аман, төрт көзіміз түгел болсын», — деп жазды продюсер.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі