jasqazaq.kz

Гүлзира Айдарбекова: Ақша мен дүние-мүліктің түбіне жету мүмкін емес

27 қазан 2023, 10:24


Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова журналист Мақпал Қаратайға берген сұхбатында үш қабатты зәулім үйіне ұры түсіп, бүкіл дүние-мүлкінен айырылып қалған кезін еске алды.
«Бала күнімнен тек дәулетті өмір сүруді армандадым. Базарда сауда жасап жүріп, ақшадан таршылық көрмедік. Қайрат сахнаға шыққан кезде бізде бүкіл дүние-мүлік болды. Өмірдің мәні осы екен дедік. Таудың ішінен екі-үш қабатты үй, қос-қостан машина міндік. Бір күні бір-ақ сәтте үйімізге ұрылар түсіп, ештеңе қалдырмай тонап кетті. Бір сандық алтын әшекейлерім мен қымбат тондарымды, ақша сақталған сейфті көтеріп кеткен. Үйге келсек бомба түскендей жайрап жатыр. Жау алыстан келмейді дегендей, қай заттың қай жерде тұрғанын білетін «ұры» болып шықты”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Продюсер болған жағдайдан кейін өмірге деген көзқарасының түбегейлі өзгергенін айтты.
“Бұл оқиғадан сабақ алдық. 2020 жылы індет жайлаған кезде анам мен ағамнан айырылдым. Екеуі де ақ матаға оранып кете барды. Артында жинаған байлығы қалды. Соны көріп, тәубаға келдім. Қазір қарапайым көпқабатты үш бөлмелі үйде тұрамыз. Қажеттілікке жүріп тұрған бір ғана көлігіміз бар. Ақша мен дүние-мүліктің түбіне жету мүмкін емес екенін түсіндім,» – дейді продюсер.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі