jasqazaq.kz

Ғылым ұлттық экономиканы жаңғырту ісінде маңызды рөл атқаруы тиіс

12 сәуiр 2023, 16:22

Қазақстан ғылымын дамыту үлгісін түбегейлі өзгерту – аса маңызды міндет. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында осылай деді.

«Ғылым саласы ұлттық экономиканы жаңғырту ісінде аса маңызды рөл атқаруы тиіс. Мысалы, Қытайда ғылымға негізделген қоғам атты партия мақұлдаған тұжырымдама бар. Қытайда ғылымға негізделген қоғам тұжырымдамасы бар. Партия және Үкіметтің барлық маңызды шешімдері міндетті түрде ғылыми сараптамадан өтуі керек. Мұның бәрі Қазақстан ғылымының даму моделін түбегейлі жаңартатын уақыт келгенін көрсетеді. Сондықтан Қазақстан ғылымын дамыту үлгісін түбегейлі өзгерту – аса маңызды міндет. Қажет болса, келешекте ғылыми шешімдер мен цифрландыруды негізге алатын парасатты экономика моделіне көшу керек болады. АҚШ, Қытай, Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея, Түркия елдеріндегі технологиялық серпілісті бүкіл әлем біледі. Олар ғылымның ашық нарықтық үлгісіне көшкеннен кейін зор жетістікке жетті», — деді Мемлекет басшысы.
Мұндай үлгінің бірқатар ерекшелігі бар. Ең алдымен, ғылымға қаржы салуға жеке инвесторларды ынталандыру керек. Технология секторы алып-сатудан гөрі пайдалы әрі өміршең бизнес екеніне кәсіпкерлердің көзін жеткізу қажет. Сонда ғана ғылым мен бизнес арасында өзара тиімді әріптестік орнайды.
«Зерттеу жұмыстарымен шұғылданатын университеттерді қолдау қажет. Ғылым мен өндірістің байланысын нығайтып, инновацияның өзіндік құнын төмендеткен жөнғ яғни тың идеяларды және технологиялық жаңалықтарды жедел енгізу өте маңызды. Қажет мамандарды осы салаға ұдайы тартып отыру керек. Балаларды мектеп жасынан бастап ғылымға, инновациялық тұрғыда ойлау әдісіне баулу аса маңызды. Шын мәнінде, дарынды балаларды жастайынан ғылымға тарту керек. Осы өте маңызды жұмысты ірі кәсіпорындар жүргізіп отырса, құба-құп болар еді. Ғылымға бейім жастарды ғылыми орталықтарға шақырып, ғалымдардың жаңа буынын дайындау керек», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

JQ-Aqparat

14 мамыр, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
14 мамыр, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
14 мамыр, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
14 мамыр, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
14 мамыр, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
14 мамыр, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
14 мамыр, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
14 мамыр, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата