jasqazaq.kz

Гүлнұр Мамасарипова: Қазір еркектер әйел тақырыбына жатып алыпты

22 маусым 2023, 10:06

Танымал продюсер, көпшілікке көрермен көзайымына айналған «Келінжан» телехикаясы арқылы танылған Гүлнұр Мамасарипова әйел тақырыбын көтеретін еркек коучтардың көбейгенін сынға алды. Айтуынша көпшілік осындай коучтардың курстарына барып, оларды байытып жатқан көрінеді. Бұл туралы ойын Гүлнұр Мамасарипова өзінің желідегі парақшасында мәлім етті.
«Инстаны қарап отырып бір құбылысты байқадым. Елдің бәрі интервью беріп отыр ғой. Бірақ олардың кіммен сөйлесіп отырғанын түсіне алмадым. Сосын еркектің бәрі бір керемет әңгімелер айтатын болыпты. Әйелдеріңді қамтамасыз етіңдер деп. Кейбірінің әйелі де жоқ, бірақ әңгімелері ірі кәдімгідей. Негізі әйелге жағу сендер ойлағандай оп оңай емес жігіттер! Сендер тұрмақ өзіміз де білмейміз не керек екенін! Сосын әйелдерді әйел коучтар үйрететін еді ғой, қазір еркектер әйел тақырыбына жатып алыпты. Енді олардың еміренгендері бөлек ше, «еркем», «бикем», «аруым», «көркемім». Әлемнің бар асылына лайықсыңдар деп «сокрушаться» етіп отырады. Кәдімгідей сеніп қаласың. Шіли не қылып үйретіп отырады десем, курс сатады екен ғой олар. Обшым біз мықты болып тұрмыз қыздар. Біраз еркекті байытып жатырмыз… «Женщина любит ушами» рас болып тұр ғой… Шіли еліре бермейікші… Сана берді, ми берді бізге Құдай және оны инстадағы интервьюлерді ғана көрсін деп бермеді-ау», — деп жазды ол.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі