jasqazaq.kz

Грекиялық БАҚ «Астананың» «рекордына» таңғалуда

05 қараша 2016, 5:06

20161104022003

Gazzetta.gr порталы «Астана» — «Олимпиакос» (1:1) матчынан кейін қазақстандық команданың ұзаққа созылған сериясына назар аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-қа сілтеме жасап.
«Астана» футбол командасы Еуропалық кубоктардағы соңғы 11 матчта жеңіліс таппай келеді — 5 жеңіс және 6 тең ойын. Бұл айтқысыз рекорд! Осы сериядағы ойындардың қатарында «Олимпиакоспен» 1:1 болып тең түскен матч та бар. Не дегенмен, бұған қарамастан, Грекия чемпионы топтағы бірінші орын үшін бақталастығын жалғастыра береді», — деп жазды басылым. Айта кетейік, «Астана» соңғы рет өз алаңында 2014 жылдың 21 тамызында жеңіліс тапқан болатын — Еуропа Лигасында «Вильярреалумен» болған ойын 0:3 есебімен аяқталды. Еске сала кетейік, кеше елордада «Астана» «Олимпиакоспен» ойнады. Тең түскен матч Еуропа Лигасының топтық кезеңінің сатысында астаналық командаға екінші ұпай алып келді. Бірінші ұпайды олар швейцариялық «Янг Бойзға» қарсы ойнап алған болатын.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде