
Google компаниясы ɢoogle.com доменіне иелік ететін ресейлік Виталий Поповты сотқа берді, деп хабарлайды Vice Motherboard.
baq.kz хабарлағандай, Поповтың сайты Google іздеу жүйесінен бір ғана символмен ерекшеленеді екен. Ресейлік азамат үлкен «G»-дің орнына «ɢ»-ді пайдаланған.
Компания Поповтың ɢoogle-сайты спамдар жіберген, пайдаланушылардың дербес деректерін жинаумен айналысып, зиянды бағдарламалар таратқан деп отыр.
Ал, Виталий Попов болса Google-дің оған жалған айып тағып отырғанын және бұл доменнен айырылмайтынын мәлімдеді.
«Менің спам-хабарламалар таратқаным туралы бір де бір дәлел жоқ», — дейді ресейлік.
Google болса сот аяқталғанша компанияның ешқандай түсініктеме бермейтінін айтты.