jasqazaq.kz

Головкиннің жекпе-жегіне көңілдесімен баратын борышкерді тексермекші

19 қыркүйек 2016, 17:32

Қызметкері айлап жалақы алмай жатқанда, өзі отбасымен, қала берді, көңілдесімен шетелде қыдыратын  Головкиннің жекпе-жегін тамашалауға баратын басшыларды жауапқа тарту қажет. Tenngrinews.kz  хабарлағандай, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков бүгін осындай тапсырма берді.

photo_195190

Ол  «Бұл жағдай алаңдаушылық туғызады.  Атқарушы орындар  жедел ден қойып, әлеуметтік кикілжіңді болдырмау, еңбек дау-дамайының туындауының алдын алудың қамын жасауы тиіс. Егер қызметкер уақтылы жалақы алмаса, оның коммуналдық қызметтер бойынша қарызы пайда болады. Бұл қызметкердің қарызы ақша төлемей отырған жұмыс берушіге бататындай тәсіл болғаны дұрыс.  Мұны қалай жасауға болады? Бәлкім,  сот шешімімен оның коттеджіндегі электр энергиясын, суын сөндірейік, ол қарамағындағы жұмысшыға толық жауапкершілікті өткеретінін түсінуі тиіс», — деді атқамінерлер қатысқан жиында.

Өңір басшысы жұмыс берушілерді тәубеге келтіруді, жауапсыз басшылардың шетелге баруға, Головкиннің жекпе-жегін тамашалауға ақшаны қайдан алатынын тексеруді тапсырды.  «Баспасөз арқылы мұндай «батырларды» барынша көбірек жариялау қажет». Облыс әкімі еңбек инспекциясына осындай тапсырма берді.

Tenngrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде