
Геннадий Головкин мен Дэниэл Джейкобстың жекпе-жегі кезінде көрермендер залында төбелес басталған. Куәгерлердің айтуынша, төбелес қазақстандық пен шет елдіктің арасында болған.
Оқиғаның видеосы Bafana TV арнасынан көрсетілген. Автор роликке- «Қазақтар Головкиннің жұдырықтасуы кезінде төбелесті» деп жазған.
Рингте Головкин мен Джейкобс жұдырықтасуын түсіріп тұрған ролик авторы шу болған жаққа қарай бұрылады.
Жазбада қазақстандықтың белгісіз ер адаммен жанжалдасып жатқаны көрінеді.
Басында олар бір-біріне дауыс көтеріп сөйлейді, кейіннен соғысып кетеді.
Екеуін арена күзетшілері ажыратып үлгерді. Оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз.