jasqazaq.kz

Головкиннің промоутері Сондерспен кездесуден неліктен бас тартқанын айтты

27 сәуiр 2017, 11:10

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) промоутері Том Леффлер маусым айына жоспарланған жекпе-жектен не себепті бас тартқанын мәлімдеді.

Осыған дейін Головкин — Сондерс жекпе-жегі Астанада 10 маусымда өтетіні хабарланған еді, алайда ол іске аспады. Леффлердің айтуынша, маусымдағы жекпе-жектен бас тартуға бірнеше фактор әсер еткен. Оның ішінде Головкиннің Дэниэл Джейкобспен 12 раундтық кездесу өткізуі және Сондерстің промоутері Фрэнк Уоррен жекпе-жекті тағы бір апта ерте өткізуді ұсынған. «Геннадий маусымда шаршы алаңға шықпайды. Біз, әрине, Билли Джо Сондерспен жекпе-жекті қаладық, алайда Дэнни Джейкобспен өткен жекпе-жектен кейін уақыт тым аз берілді. Ендігі кезекте Головкиннің қашан жұдырықтасуға дайын екенін білетін боламыз және ең жақсы ұсыныстарды қарастырамыз. Головкин жаттығу жұмыстарын осыдан екі апта бұрын бастауы керек болушы еді, ол 12 раундтық кездесу өткізді. Кездесудің уақытына байланысты мәселе туындады. Уоррен жекпе-жекті тағы бір апта ерте, маусымның басында өткізбекші болды. Қорытындылай келе, Головкин маусымда жекпе-жекке шықпайды», — деді Леффлер. Сонымен қатар, Головкин Қазақстанда жекпе-жек ұйымдастыруды көздеп отыр. «Қазақстанда барлығы оның жекпе-жегін көргісі келеді, Геннадийдің өзі де Отанында өнер көрсетуді қалайды. 6 мамырда не болатын көреміз. Чавес жеңіске жететін болса, біз онымен қуана кездесу ұйымдастырамыз. «Канело» жеңсе, ол біздің басты қарсыласымыз болады. Мен Golden Boy компаниясымен әрдайым байланыстамын. 6 мамырда күтеміз, содан кейін келіссөздерді жалғастыру жалғастырмауымыз белгілі болады», — деді Леффлер. Сонымен қатар, GGG промоутері Томом Леффлермен сөйлескен Дэн Рафаэль, маман ESPN телеарнасының колонкасында былай деп жазды: «Бүгін Лондонда Томом Леффлермен сөйлестім, ол маған Геннадий Головкиннің маусымда жоспарланған жекпе-жекке шықпайтынын айтты. Ендігі кезекте Головкин «Канело» — Чавес кездесуінің жеңімпазын күтетін болады». Айта кетейік, осыған дейінгі жазбасында Дэн Рафаэль Головкиннің Сондерспен маусымда болжанған жекпе-жегінің болмайтынын жеткізген еді. Еске салайық, қазақстандық боксшы соңғы кездесуін 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде