
Қарағанды салықшылары Геннадий Головкиннің туған ағасы Максим Головкинге қарсы Қарағанды облыстық мемлекеттік табыс департаменті сотқа арыз жазды.
«Судья Қорлан Оралбекова Максим Головкиннің көлік салығы бойынша қарызын өтеу туралы шешім шығарды. Соңғы екі жылда ол салық төлемеген. 21 мың 338 теңге 320 тиын көлеміндегі мемлекеттік баж туралы арыз қанағаттандырылды. Айыпталушыға шақырту жіберілгенмен, сотқа келген жоқ», – деді канцеляриядағылар.
Енді ол бір айдың ішінде қарызын өтеуі тиіс. Олай болмаған жағдайда оның есепшоттары тұтқындалады.