jasqazaq.kz

Головкинге қазақ тілінде арналған рэп орындалды (видео)

21 наурыз 2017, 12:26

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) қазақ тілінде арналған рэп орындалды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Орындаушы Қуаныш Назаров (Ars Production) қазақстандық боксшы туралы ән жазды. «Біз үшін Геннадий Головкин — ұлттық GGGерой (қаһарман). Майқұдықтан шыққан қарапайым жігіт өзінің талабы мен еңбегінің арқасында барлығына қол жеткізді. Соңғы жекпе-жегі ән шығаруға шабыттандырды. Бұл әнді ең мықты боксшыға арнаймыз», — делінген жарияланған видеоның астында.

Осыған дейін «Ақын Ақыныч» лақап атымен танылған өнерпаз Андрей Фендриковта Головкинге арнап ән шырқап, домбыра шертті. Сондай-ақ әнші Диана Шарапова Геннадий Головкинге арнап клип түсірген. Еске салайық, қазақстандық боксшы, 19 наурызда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын. «Қазақстан» телеарнасында Головкиннің жекпе-жегі Астанада 17 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі күндері өтетіні хабарланды. Таяуда қазақстандық тарап WBC президенті Маурисио Сулейманмен кездеседі екен.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде