jasqazaq.kz

Головкин өз промоутерлерін Фрочпен айқас жөніндегі әңгімені доғаруға шақырды

17 қараша 2016, 2:02

photo_86405

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин промоутері Том Леффлер мен Эдди Хирнды британдық Карл Фрочпен болуы мүмкін айқас жайлы әңгімені доғаруға шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшылардың осыдан бірнеше жыл бұрын кездесулері мүмкін де еді, бірақ келіссөз тығырыққа тірелді. Өйткені 2015 жылы Фроч өзінің спорттық жолын аяқтады. Головкин — Фроч жекпе-жегі туралы жаңа талқылаулардың өрбуіне Леффлердің твиті себеп болды. Онда қазақстандықтың промоутері әріптесі Эдди Хирнмен бірге түскен суретін жариялап, өздерінің лондондық «Уэмбли» стадионында айқасты өткізу туралы келіссөз жүргізіп жатқандығын мәлімдеген еді. Соңынан Хирннің өзі бұл ақпаратты теріске шығарды. Британдық Леффлердің бұл мәлімдесін әзілге балады. Бірақ 2015 жылғы шілдеде спорттық жолын аяқтаған Фрочтың Головкинмен айқас үшін рингке қайта оралуы мүмкін екендігін де жоққа шығармады. Енді осыған байланысты Головкин ресми твиттер арқылы жауап беріп отыр. «Менің достарым, сіздермен сөйлесетін уақыт келді. Эй, джентльмендер Том Леффлер мен Эдди Хирн, егер ешқандай алға жылжу болмаса, айқастың болуы мүмкін деген әңгімені доғарыңдар»,- деп жазды Головкин.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде