
Қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс Нью-Йорктегі баспасөз мәслихатында көз арбасу рәсімін өткізді.
ҚазАқпарат хабарлағандай, бүгін BoxingScene.com сайты екі боксшының көз арбасу рәсімінің видеосын жария етті. Естеріңізге сала кетейік, Головкин — Джейкобс жекпе-жегі 19 наурыз күні Madison Square Garden аренасында Астана уақытымен таңертең басталады. HBO арнасы АҚШ-та бокс кешін ақылы көрсетілім жүйесі арқылы (PPV) көрсетуді жоспарлап отыр.