
Бокс пен ММА туралы комедиялық анимациялық роликтердің авторы Mojahed Fudailat Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің алдағы жекпе-жегіне арнап тағы бір мультфильм түсірді.
Автор кезекті қысқаметражды туындысын «Зорро- жекпе-жек» деп атаған.
Бұған қоса, роликте Головкиннің бапкері Абель Санчес пен басқа да танымал боксшылар бар.
Айта кетейік, бұған дейін Альварестің Головкиннен қашып жүргені жайлы мультфильм шыққан болатын.