
WBA/WBC/IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Дэниэл Джейкобспен болатын жекпе-жектің алдында БАҚ үшін ашық жаттығу өткізді.
inform.kz хабарлағандай, Головкин Лос-Анджелесте ашық жаттығудың алдында журналистермен тілдесті. «Бұл біз үшін үлкен әрі салмақты айқас. Дэниэл — нағыз чемпион. Біз дайынбыз», — деп келтіреді Головкиннің сөзін Fightnews.com журналисті Мигель Анхель Маравилья. Головкин мен америкалық Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді.