
Жанкүйер қауым асыға күткен Головкин- Брук жекпе- жегінде жерлесіміз жеңіске жетті. Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақт
а IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті 5 раундта нокаутпен жеңді.
Головкинның командасы қазақстандық чемпионның жекпе-жекке дайын екендігін көрсетіп, желідегі ресми парақшасында көк байрақ пен шапанының суретін жариялады.

Айта кетейік, Головкин — Брук кездесуі 10 қыркүйекте Лондонда 20 мың орындық О2 аренасында өтті. Жекпе-жекті Қазақстан және Kazsport арналары тікелей эфирден көрсетті. Көрсетілім Астана уақытымен 23:00-де басталды. Головкин мен Брук кездесуге бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімін өткізен болатын. Осы жекпе-жекте Головкин де, Брук терекордтық гонорарды — үш миллион фунт стерлинг (төрт миллион доллар) иеленеді.
Осыған дейін, Желіде қазақстандық Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Келл Бруктың жекпе-жек алдындағы соңғы баспасөз конференциясында көз арбасқан видеосы пайда болған. Айта кетейік, кездесу 8 қырқүйекте Лондонда өтті. Кездесудің басқада мәліметтерінмына жерден көре аласыз.