jasqazaq.kz

Головкин: Билли Джо Сондерспен жұдырықтасқым келеді

11 қыркүйек 2016, 11:01

Геннадий Головкин ұлыбританиялық Келл Брукпен өткен кездесуде жеңіске жеткен соң өз салмақ дәрежесінде кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Бірақ бірінші кезекте Билли Джо Сондерспен кездескісі келетін мәлімдеді, — деп хабарлайды Vesti.kz.

«Лондонға және менің барлық жанкүйеріме рақмет. Келл жақсы боксшы. Оны құрметтеймін, оны осыншалық мықты боксшы деп ойламадым. Бұл маған спарринг сияқты болды. Соққыларды онша сезбедім. Мен оның орта салмақ дәрежесіне көшуіне барымды салдым. Енді мен кез келген жекпе-жекке дайынмын. Ең біріншіден, Билли Джо Сондерспен жұдырықтасқым келеді»», — деді Головкин.

Ал Келл Брук өз кезегінде рингке қайта оралатынын мәлімдеді. «Көңілім қалды. Одан бұдан да мығым соққылар күткенмін. Иә, екінші раундта көзіме дәл тигізді. Ешкім онымен жұдырықтасқысы келмейді, ал мен тағы шыққым келеді. Ашыла алмадым. Шынымды айтсам, бірнеше соққыдан кейін ешқайда қашып құтыла алмадым. Орта салмақта өзімді жақсы сезінемін. Бар мүмкіндігімді көрсете алмадым. Сауль «Канело» Альвареспен кездесуге дайынмын. Бапкер сырттан қарап тұрғандықтан, ол дұрыс шешім шығарды деп ойлаймын, бірақ мен жекпе-жекті жалғастыруға дайын едім», — деді Брук.

Vesti.kz.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде