jasqazaq.kz

Головкин: Бұл мен үшін де Джейкобс үшін де өте қызықты кездесу болмақ

19 желтоқсан 2016, 11:39

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин 18 наурызға белгіленген америкалық Дэниэл Джейкобспен болатын кездесу туралы журналистерге сұхбат берді, деп хабарлайды Sports.kz.  «Бәрінен бұрын, бұл мен үшін үлкен жаңалық және асқан қызығушылық танытып отырмын. Қатты толқып та жүрмін, себебі мен тағы да рингке шығамын. Өте жақсы айқас болады деп үміттенемін. Менің ойымша, бұл екеуміз үшін де тамаша кездесу болмақ. Дэниэл — әзірге менің үздік қарсыласым. Ол тамаша боксшы», — деп жазды GGG сөздерін Boxingscene.com. Геннадийдің үшінші кездесуі биылғы желтоқсан айында өтуі тиіс еді, бірақ ол мерзім 2017 жылдың 18 наурызына ауыстырылды. «Мен 2016 жылы үш кездесу өткізгім келді, бірақ келесі айқас наурыз айында болады. Маған демалуға уақыт керек. Менің ойымша, бұл уақытта кездесудің жарнамасын көбірек жасауға, үздік келісім-шарт бекітуге болады. Әзірге Дэннимен кездесу мендегі маңызды айқас болып тұр», — деді боксшы.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде